«Атырау» Ақтөбеде бір ұпайға қол жеткізді (видео)
Футболдан Қазақстан чемпионатының 10-туры аясында «Атырау» сырт алаңда «Актобе» командасынан ұпай тартып алды.
Матч 1:1 есебімен аяқталды. Атыраулық команда сапында Ян Труфанов есеп ашқаннан кейін, алаң иелері Виталий Латурнус соққан әдемі голмен жауап қатты.