«Спортинг» — Португалия чемпионатының күміс жүлдегері (видео)
Футболдан Португалия чемпионатының соңғы турында турнирдегі екінші орын иесі анықталды.
Бұл орын күміс жүлдемен қатар келесі маусымда Чемпиондар лигасына қатысуға мүмкіндік береді.
Екінші орынды сақтап қалу үшін «Спортинг» өз алаңында «Жил Висентені» жеңуі керек еді. «Арыстандар» бұл міндетті сәтті орындады — 3:0. Гол авторлары: Куарежма, Суарес және Юльманн.