«Бүркіттер» Ризеде 12 матчтан бері жеңілмей келеді: «Ризеспор» – «Бешікташ» матчының тікелей эфирі

«Бүркіттер» Ризеде 12 матчтан бері жеңілмей келеді: «Ризеспор» – «Бешікташ» матчының тікелей эфирі

Стамбұлдық «Бешікташ» Түркия чемпионатының 34-туры аясында сырт алаңда «Ризеспормен» кездеседі. Бұл матчтың турнирлік тұрғыдан айтарлықтай маңызы жоқ.

«Бүркіттер» келесі маусымға 4-орын мен Конференциялар лигасының жолдамасын мерзімінен бұрын қамтамасыз етіп қойды. Ал алаң иелері 8-орыннан жоғары көтеріле алмайды.

Соған қарамастан, «Бешікташ» Ризеде қатарынан 12 матч бойы жеңіліс көрмеген. Кезекті кездесу 15 мамыр күні сағат 22:00-де өтеді.

Матчтың тікелей трансляциясын Sport+ телеарнасынан және sportplustv.kz сайтынан көруге болады.



Күн шежіресі