«Бешікташ» Ризеде сериясын жалғастырды (видео)
Түркия Суперлигасының 34-туры аясында «Бешікташ» Ризеден тең нәтижемен қайтты — 2:2.
Осылайша, «қара бүркіттер» өз сериясын жалғастырды — «Ризеспорға» қарсы сырт алаңдағы матчтарда 13 ойын қатарынан жеңіліс көрмей келеді.
Айта кетерлігі, алаң иелері матч барысында 2:0 есебімен алда болған. Али Соу дубль авторы атанды. Алайда екінші таймда алдымен Жота Силва бір голдың есесін қайтарса, кейін Вацлав Черны есепті теңестірді.