logo

Тұрақты маусымның соңғы матчы: «Астана» – «Каспий» ойынының тікелей эфирі

Тұрақты маусымның соңғы матчы: «Астана» – «Каспий» ойынының тікелей эфирі

Астанада Ұлттық лиганың тұрақты маусымындағы соңғы матч өтеді — «Астана» мен «Каспий» кездеседі.

Бұл ойын турнирлік тұрғыдан маңызды емес, себебі командалар өздеріне бірінші және екінші орындарды алдын ала қамтамасыз етіп қойған. Дегенмен, кездесу кез келген жағдайда принципті сипатқа ие болады.

«Каспий» осы маусымда екі рет «Астананың» жолын кескен, бұл, әрине, бас бапкер Рамунас Цвирка жетекшілік ететін елордалық бапкерлер штабына ұнамайды.

Айта кетейік, 10 сәуір күні өткен алғашқы ойында «Астана» қарсыласын 24 ұпай айырмасымен жеңді — 91:67.

Елордалықтар сапында ең нәтижелі ойыншылар — Эрик Дэй (16 ұпай) және Рустем Мұрзағалиев (14 ұпай), ал «Каспий» қатарында Максим Марчук (18 ұпай) көзге түсті.

Командалардың келесі кездесуі 11 сәуір күні сағат 17:00–де өтеді. Тікелей трансляция sportplustv.kz сайтында қолжетімді болады.



Күн шежіресі