«Астана» «Атырау барыстарын» тағы да тізе бүктірді
«Астана» ел біріншілігінің екінші ойынында да «Атырау барыстарын» жеңді, деп хабарлайды Sport+.
Матч есебі — 79:72.
Осы кездесудің ең нәтижелі ойыншысы «барыстардың» легионері Майкл Майс болды, ол 36 ұпай жинады.
«Астана» сапында ең көп ұпай жинағандар: Эрик Дэй (19 ұпай), Адас Юшкавичюс (14) және Александр Жигулин (12).
Алда астаналықтарды Ақтауға сапар күтіп тұр, онда команда жергілікті «Каспиймен» екі матч өткізеді.