logo

«Астана» жеңіс сериясын жалғастырды

«Астана» жеңіс сериясын жалғастырды

«Астана» баскетбол клубы WASL лигасы аясындағы Ливандағы сырт алаңдағы сериясын «Саджесс» командасын жеңуден бастады, деп хабарлайды Sport+.

Жеңімпазды анықтау үшін командалар овертайм ойнауға мәжбүр болды, нәтижесінде қазақстандықтар 104:102 есебімен басым түсті.

Команда көшбасшысы Эрик Дэй мансабындағы ең үздік нәтижесін көрсетіп, 38 ұпай жинады. Адас Юшкавичюс 24 ұпай еншіледі. Қазақстандық ойыншылар арасында ең нәтижелісі Руслан Айтқали болды — 13 ұпай.

Бұл жеңістен кейін астаналықтар өз тобында бірінші орынға көтерілді. Келесі матч 11 ақпанда «Аль Риядиге» қарсы өтеді.



Күн шежіресі