logo

«Астана» «Тобылды» екі рет жеңді

«Астана» «Тобылды» екі рет жеңді

Батыс Азия лигасы аясында ирандық «Шахрдари Горганға» қарсы өтетін маңызды матч алдында «Астана» баскетбол клубы Ұлттық лигада «Тобылға» қарсы екі күнтізбелік кездесу өткізді, деп хабарлайды Sport+.

Цвиркидің шәкірттері Қостанайға фаворит мәртебесінде келіп, бұл үмітті екі ойында да ақтады.

Алғашқы матч 119:64 есебімен аяқталды. Жеңімпаздар құрамында 18 ұпай жинаған Асқар Майдекин, сондай-ақ 16 ұпайдан еншілеген Руслан Айтқали мен Рустам Мұрзағалиев үздік болды.

Екінші ойында «Астана» азырақ ұпай салғанымен, тағы да жеңіске жетті — 88:73. Робер Пан 25 ұпай жинаса, Эрик Дэйдің еншісінде 16 ұпай бар.

«Шахрдари Горганға» қарсы матч 30 қаңтарда өтеді. Ойынды тікелей эфирде Sport+ телеарнасынан көруге болады.



Күн шежіресі