logo

«Астананың» басты қарсыласы елордаға келеді: «Астана» – «Каспий» матчының тікелей эфирі

«Астананың» басты қарсыласы елордаға келеді: «Астана» – «Каспий» матчының тікелей эфирі

«Астана» Қазақстан баскетбол чемпионатының тұрақты маусымында дара көш бастап тұр — команда маусым бойы ішкі жарыстарда небәрі 4 рет жеңіліс тапқан.

Осы төрт жеңілістің екеуін Рамунас Цвирканың шәкірттеріне «Каспий» командасы сыйлады: маусымның басында Қазақстан Кубогында 71:59 есебімен, кейін чемпионатта 73:68 есебімен басым түсті.

«Каспийдің» бір ойынға шаққандағы орташа ұпай саны бойынша көшбасшылары — Мурман Джакуар мен Владимири Иванов, олар әр матчта шамамен 17 ұпайдан жинайды.

Ал «Астанада» бұл көрсеткіш бойынша америкалық ойыншылар Эрик Дэй мен Кэмрон Блю алда — олар әр ойында 16 ұпайдан сәл артық еншілейді.

Бұл кездесу Ұлттық лиганың тұрақты маусымын қорытындылайды. Қос матчтан тұратын текетірестің алғашқы ойыны 10 сәуір күні сағат 19:00–де өтеді.

Тікелей трансляция Sport+ телеарнасында, сондай-ақ sportplustv.kz сайтында қолжетімді болады.