logo

«Тобыл» венесуэлалық жартылай қорғаушы сапына қосты

«Тобыл» венесуэлалық жартылай қорғаушы сапына қосты

Қостанайлық «Тобыл» клубы 29 жастағы венесуэлалық жартылай қорғаушы Луис Геррамен келісімшартқа қол қойғанын жариялады, деп хабарлайды Sport+ клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Луис Герра мансабының басым бөлігін Венесуэлада өткізіп, «Депортиво Тачира», «Монагас Матурин», «Арагуа Маракай» және «Карабобо Валенсия» клубтарының намысын қорғады. 2020 жылы ол мансабын Чилиде жалғастырып, «Антофагаста» командасына ауысты, сондай-ақ осы клубтан «Монагас Матуринге» жалға берілді.

Өткен маусымда вингер чилилік «Депортес Лимаче» сапында өнер көрсетті: 26 матч, 3 гол және 10 нәтижелі пас.

Жалпы мансабында Луис Герра 236 ойын өткізіп, 45 гол соғып, 38 нәтижелі пас авторы атанды.



Күн шежіресі