«Ордабасы» Түркиядағы екінші жиынға баратын ойыншыларды атады
Шымкенттік «Ордабасы» Түркиядағы оқу-жаттығу жиынына қатысатын ойыншылар тізімін жариялады, деп хабарлайды Sport+ клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бас бапкер Андрей Мартиннің жетекшілігімен Антальяға баратын футболшылар:
Қақпашылар: Бекхан Шайзада, Қажымұқан Төлепберген, Аян Абдухалық;
Қорғаушылар: Сергей Малый, Ұлар Жақсыбаев, Абдашим Ануар, Әли Тұрғанов, Сұлтанбек Астанов;
Жартылай қорғаушылар: Зикрилло Сұлтаниязов, Мұроджон Халматов, Әмір Жасұлан, Кристиан Капацина, Юрий Вакулко, Нұрдәулет Серік;
Шабуылшылар: Бакир Джамалов, Эвертон Мораес, Нұралы Бағдаулет, Владислав Наумец, Мағжан Тоқтыбай, Біржан Тоқтыбай, Әлібек Халдар.
Айта кетейік, команданың екінші оқу-жаттығу жиыны 22 қаңтарда Антальяда басталды.