logo

«Қызылжар» Қазақстан құрамасының бұрынғы футболшысын құрамына қосты

«Қызылжар» Қазақстан құрамасының бұрынғы футболшысын құрамына қосты

Петропавлдық «Қызылжар» 29 жастағы қазақстандық жартылай қорғаушы Юрий Перцухпен келісімшартқа отырғанын жариялады, деп хабарлайды Sport+ клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Юрий Перцух Алматы футбол мектебінің түлегі. Бұған дейін ол «Астана», «Ақтөбе», «Атырау», «Ақжайық», «Шахтер» және «Тұран» клубтарында өнер көрсетті.

Өткен маусымның екінші жартысында ойыншы түркістандық команда сапында ел чемпионатында 9 матч өткізді.