«Елімай» албаниялық қорғаушымен келісімшартқа қол қойды
Семейлік «Елімай» клубы 31 жастағы албаниялық қорғаушы Эдисон Ндрекамен келісімшартқа қол қойғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sport+ клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Флангтағы қорғаушы кәсіби футболдағы мансабын 2013 жылы «Лячи» клубында бастады. Албания чемпионатында «Кукеси» мен «Кастриоти» сияқты командалардың сапында шамамен 200 матч өткізді. Соңғы жылдары «Эгнатия» клубының негізгі құрам ойыншысы болып, командамен бірге еурокубоктарға қатысты. Осы клубтың құрамында 2024–2025 жылғы маусымда Албания чемпионы атанды.