Теннистен Қазақстан чемпионатының үздіктері анықталды

Теннистен Қазақстан чемпионатының үздіктері анықталды

Астанада 20–26 шілде аралығында Ұлттық теннис орталығының Beeline Arena хард корттарында ересектер арасында теннистен Қазақстанның жазғы чемпионаты өтті. Ерлер мен әйелдер арасында жекелей және жұптық сындарда жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды.

Қазақстанның жазғы чемпионатының қорытындысы:

Әйелдер арасындағы жекелей сын:
1-орын — Іңкәр Дүйсебай (Алматы);
2-орын — Сандуғаш Кенжебаева (Астана);
3-орын — Ева Корышева (Ақтөбе облысы).

Ерлер арасындағы жекелей сын:
1-орын — Даниял Рахматуллаев (Ақтау);
2-орын — Ерасыл Ерділда (Қызылорда облысы);
3-орын — Мансұр Саинов (Ақтөбе облысы).

Әйелдер арасындағы жұптық сын:
1-орын — Асылжан Арыстанбекова / Еркежан Арыстанбекова (Алматы);
2-орын — Іңкәр Дүйсебай (Алматы) / Альбина Кәкенова (Астана);
3-орын — Айя Нұпбай (Алматы) / Анастасия Крымкова (Тараз).

Ерлер арасындағы жұптық сын:
1-орын — Ерасыл Бахтияр (Астана) / Ерасыл Ерділда (Қызылорда облысы);
2-орын — Ілияс Маратұлы / Ислам Орынбасар (Астана);
3-орын — Тимур Сауленко / Арсений Требухин (Алматы).

Чемпионат жеңімпаздарына «Қазақстан Республикасының спорт шебері» спорттық атағын алу құқығы беріледі.

Қазақстанның жазғы чемпионаты дәстүрлі түрде тәжірибелі теннисшілер мен халықаралық аренада өнер көрсетіп жүрген болашағынан үміт күттіретін жас спортшылардың басын қосады. Қатысушылар үшін ел чемпионаты маусымдағы маңызды жарыстардың бірі әрі олардың алдағы спорттық дамуы жолындағы маңызды кезең болып саналады.

Барлық маңызды спорттық оқиғаларды BeeTV-ден тамашала!



Күн шежіресі