Астанада халықаралық «Президент кубогы» теннис турнирлерінің сериясы өтеді
27 шілде мен 16 тамыз аралығында Астанадағы Beeline Arena Ұлттық теннис орталығының ашық хард корттарында ATP Challenger Tour және World Tennis Tour жарыстарын біріктіретін халықаралық кәсіби теннис турнирлерінің «Президент кубогы» сериясы өтеді, деп хабарлайды Sport+.
Серия бағдарламасы екі жарыс кезеңінен тұрады: 27 шілде — 9 тамыз — World Tennis Tour W15/M15 Asu Open турнирлері;
10–16 тамыз — ATP Challenger 50 және World Tennis Tour W15 турнирлері.
Биыл Қазақстан намысын өз корттарымызда еліміздің болашағынан зор үміт күттіретін теннисшілер Амир Омарханов, Заңғар Нұрланұлы, Дамир Жалғасбай, Аружан Сағандықова, Асылжан Арыстанбекова, Інкәр Дүсебай, Сандуғаш Кенжебаева және Альбина Какенова қорғайды.
«Президент кубогы» (President’s Cup) — Қазақстандағы ең көне әрі ең беделді халықаралық кәсіби теннис турнирлерінің бірі. Турнир Астанада 1991 жылдан бері өткізіліп келеді, ал 2007 жылы халықаралық мәртебеге ие болды. Осы уақыт ішінде жарыс кәсіби теннисті дамытуға және жаңа жұлдыздардың қалыптасуына ықпал ететін маңызды алаңға айналды.
Әр жылдары турнир жеңімпаздары қатарында қазақстандықтар Михаил Кукушкин мен Андрей Голубев, украиналық Илья Марченко, австриялық Себастьян Оффнер, Германия құрамасының қазіргі капитаны Райнер Шуттлер, Australian Open және Roland Garros турнирлерінің жұптық сыны бойынша чемпионы Иван Додиг, «Үлкен дулыға» турнирлерінің жұптық сынында екі дүркін чемпион атанған қытайлық Чжан Шуай және басқа да танымал теннисшілер бар.
Көптеген жылдар бойы «Президент кубогы» жас спортшылар үшін кәсіби мансаптағы маңызды белес болып келеді. Турнир оларға рейтингтік ұпай жинауға, халықаралық деңгейде тәжірибе алмасуға және кәсіби аренада өз есімдерін танытуға мүмкіндік береді.
Барлық маңызды спорттық оқиғаларды BeeTV-ден тамашала!