Жібек Құламбаева WTA 250 турнирінің жартылай финалына шықты

Жібек Құламбаева WTA 250 турнирінің жартылай финалына шықты

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Румынияның Яссы қаласында өтіп жатқан WTA 250 санатындағы турнирдің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Sport+ Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап. 

Жібек Армения өкілі Алина Чараевамен жұптасып, ширек финалда ресейлік Алевтина Ибрагимова мен испаниялық Хеорхина Гарсия Переске қарсы ойнады. 

Кездесу екі сетке созылып, Құламбаева мен Чараева 6:2, 7:5 есебімен жеңіске жетті.

Теннисшілер кортта 1 сағат 17 минут өткізді. Осы уақыт ішінде Құламбаева мен оның жұбы бір эйс жасап, бірде-бір қос қателік жібермеді және 10 брейк-пойнттың алтауын сәтті пайдаланды.

Жартылай финалда қазақстандық-армениялық жұп жарыстың бірінші нөмірлі жұбы — бельгиялық Магали Кемпен мен ресейлік Александра Пановаға қарсы ойнайды.



Күн шежіресі