Теннисші Аружан Сағындықова Үндістандағы турнирде жеңіске жетті
Қазақстандық теннисші Аружан Сағындықова маусымды сәтті бастап, ITF W15 сериясындағы турнирде жұптық сында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Жарыс Үндістанның Ахмедабад қаласында өтті.
Финалда 21 жастағы қазақстандық спортшы ресейлік Мария Головинамен бірігіп, жапониялық Ману Кавамура / Хонока Кобаяши жұбын сенімді түрде жеңді.
Кездесу 6:3, 6:2 есебімен аяқталды. Бұл Аружанның мансабындағы ITF санатындағы бесінші титулы және жұптық сындағы үшінші жеңісі.