logo

Таеквондошы Айдана Құмартаева әлем чемпионатында қола медальға ие болды

Таеквондошы Айдана Құмартаева әлем чемпионатында қола медальға ие болды

Таеквондодан Қытайдың Уси қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы екінші медалін жеңіп алды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Айдана Құмартаева жарыстың қола жүлдегері атанды. Ол 46 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үздік үштікке енді.

Жартылай финалда Айдана түрік спортшысы Эмине Гёгебаканмен кездесіп, бұл кездесуде қарсыласына есе жіберді. Осылайша Құмартаева әлем чемпионатын үшінші орынмен аяқтады.

Айта кетейік, бұған дейін Нодира Ахмедова да қола медаль иеленген болатын.



Күн шежіресі