Сұлтан Сағнаев «Шахтермен» келісімшартқа қол қойды

Қарағандының «Шахтер» клубы Қазақстан жастар құрамасының бұрынғы капитаны Сұлтан Сағнаевпен келісімшартқа отырғанын жариялады, деп хабарлайды Sport+.
Сағнаев бұған дейін «Астана», «Ертіс», «Каспий», «Мақтаарал», «Ақсу», «Екібастұз», «SD Family» командаларында ойнаған. Соңғы клубы сапында төрешімен келіспеушілікке байланысты дисквалификация алған болатын.
Биыл дисквалификациядан кейін алаңға оралған Сағнаев «Атырау» клубымен келісімшарт жасап, Премьер-лигада 8 матчқа қатысты, алайда клубтан кетті.
«Шахтерде» Сұлтан еліміздің жасөспірімдер құрамасында бірге жұмыс істеген Александр Кузнецовтың қол астында өнер көрсететін болады.