logo

Станислав Черчесов Қазақстан құрамасынан кетті

Станислав Черчесов Қазақстан құрамасынан кетті

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов өз қызметінен кетті, деп хабарлайды Sport+ Қазақстан футбол федерациясының ресми сайтына сілтеме жасап.

Еңбек келісімшарты тараптардың өзара шешімі бойынша бұзылды.

Станислав Черчесов 2024 жылдың маусым айында Қазақстан құрамасын басқарды. Оның басшылығымен ұлттық команда УЕФА Ұлттар лигасында 6 кездесу өткізіп, Норвегия құрамасымен тең түсіп, 1 ұпай жинады.

Сондай-ақ, Қазақстан құрамасын бүкіл бапкерлер штабы қызметінен кетті.

Қазақстан футбол федерациясы Станислав Саламовичке және оның штабына атқарылған жұмысы үшін алғыс білдіреді және мансабында одан әрі табыстар тілейді.

Футболдан ұлттық құраманың жаңа бас бапкерінің кандидатурасы қарастырылуда.