Игорь Шацкий: Егер мен бәсекеге қабілетті болсам, онда Бірінші лигадан құрамаға шақыруда ешқандай қиындық көрмеймін

Қазақстан ұлттық құрамасының және қарағандылық «Шахтердің» қақпашысы Игорь Шацкий Sport+ сайтына берген эксклюзивті сұхбатында алдағы маусымға дайындық туралы айтып, Қарағанды командасының құрамын жасақтау қағидаттарымен бөлісті, сондай-ақ бірінші лигада ойнау арқылы Қазақстан құрамасына көмектесуге дайын екендігін айтты.
— Игорь, маусымға дайындық қалай жүріп жатыр?
— Дайындық өте жақсы. Қазір тек алғашқы жиын өтуде. Біз аэробты жұмысқа баса назар аударамыз, допты сезінуді жақсартып, бабымызды шыңдаудамыз.
— «Шахтер» Бірінші лигада ойнауға дайындалып жатқанына қарамастан, клуб Премьер-лигада тәжірибесі бар футболшыларды жинауда. «Шахтер» болашаққа назар аудара отырып, құрамды жасақтауда деген сезім бар. Солай ма?
— Иә, солай, біздің президент Талғат Дүйсековтың басшылығымен клубты ұзақ мерзімге тұрақты әрі мықты етудің нақты стратегиясы бар. Қазір команда тек келесі маусымға ғана емес, сонымен қатар 2026 жылғы маусымға дайындалып, футболшыларды іздестіруде. Көріп отырғаныңыздай, нақты позицияларға футболшыларды іріктеу жүріп жатыр, бірақ біз Қарағанды футболының түлектері де туралы ұмытпаймыз, себебі балалар өте талантты және олардың, бапкерлер штабы, клуб және облыс басшылығы тарапынан жұмысқа дұрыс қараған жағдайда, олар мықты футболшыларға айналып, тіпті шетел чемпионаттарына кете алады. Ең бастысы, болған қателіктерді ескеріп, клубта жүйені сауатты құру қажет. Бұл дегеніміз, мықты бірінші командаға ие болып, футбол орталығына көп көңіл бөлуіңіз керек деген сөз. Ең дұрысы, жас футболшылар өмір сүретін, білім алатын және толық жаттығатын Академия немесе интернат салу маңызды. Бұл үшін, әрине, жабық манежі бар база қажет. Мұны жүзеге асыруға болады.
— Сіз туған клубыңызға Премьер-лигаға оралуға көмектесу үшін, Бірінші лигаға ауысуға бел будыңыз. Бұл мақтар тұтарлық шешім, бірақ Қазақстан құрамасында өз орныңызды жоғалтып алудан қорықпайсыз ба?
— Иә, мен «Шахтерге» оралу туралы шешім қабылдадым. Бұл менің туған қалам мен туған клубым. Мен бұл ұсыныстан бас тарта алмадым, өйткені менің өмірлік ұстанымдарым бар. Ұлттық құрамаға қатысты — мен Қазақстан құрамасының намысын қорғағанда, мансабымдағы ең керемет уақытты өткіземін, өйткені ұлттық команда — кез келген футболшы үшін ұлкен арман. Егер мен бәсекеге қабілетті болсам, онда Бірінші лига командасынан ұлттық құрамаға шақыруға ешқандай қиындық көрмеймін. Егер команданың бапкерлер штабымен менің Бірінші лигада өнер көрсетуім дұрыс емес деп қабылданса, онда ешқандай мәселе көріп тұрған жоқпын. Мен кез келген жағдай жұмыс істеуді және өзімді шыңдауды жалғастырамын. Сонымен қатар Қазақстанда көптеген тамаша қақпашылар бар — Мұхаммеджан Сейсен, Бекхан Шайзада, Александр Заруцкий, Стас Покатилов, Данил Устименко және Темирлан Анарбеков. Жас қақпашылар өте жақсы дамып келеді және әлі де ашылмаған есімдер көп екеніне сенімдімін. Ұлттық құрама туралы сөз болғанда жеке есімдер мен футболшыларға баса назар аударуға болмайды, үздіктердің ойнауы маңызды, өйткені Ұлттық құраманың қамын ойлау қажет.
— Сіз ұзақ уақыт ішінде алғаш рет бапкер Валерий Ситаломен бір командада жұмыс істемейсіз. Оның «Жальгириске» ауысу туралы шешімін қалай қабылдадыңыз?
— Валерий Леонидовичті мен жақсы көремін және құрметтеймін. Ол мен үшін көп нәрсе жасады, бұл туралы ешқашан ұмытпаймын. Мен оның таңдауына құрметпен қараймын — ол үшін де, «Жальгирис» үшін де тамаша нұсқа. Мен Ситалоның осындай үлкен клубқа ауысқанына өте қуаныштымын, оған тек сәттілік тілеймін.