logo

«Спортинг» қақпашысы «Қайратқа» қарсы ойынды өткізіп алуы мүмкін

«Спортинг» қақпашысы «Қайратқа» қарсы ойынды өткізіп алуы мүмкін

Лиссабондық «Спортингтің» негізгі қақпашысы Руй Силва осы аптада өтетін Чемпиондар лигасындағы «Қайратқа» қарсы матчқа қатыспауы мүмкін, деп хабарлайды Sport+.

A BOLA басылымының мәліметінше, қақпашы өткен бейсенбі күнгі жаттығу кезінде қол саусағынан жарақат алған. Сол себепті «Спортинг» бас бапкері Руй Боржес оны алаңға шығаруға тәуекел етпеуі мүмкін.

Сонымен қатар, команданың жартылай қорғаушысы Хидэмаса Морита мен қорғаушы Усман Дьоманде оңалып қалуға жақын және олар «Қайратқа» қарсы матчта ойын уақыты алуы мүмкін.

Басылым мәліметінше, «арыстандардың» бас бапкері жарақат алған кейбір ойыншылардың қалпына келуіне үміт артып отыр. Алайда қазіргі жағдай, әсіресе қақпашылар шебінде, оңтайлы емес. Руй Силваның ертеңгі ойынға қатыспай, дүйсенбі күні өтетін «Морейренсе» клубына қарсы матчқа дейін толық қалпына келуі үшін демалуы ықтимал.

Айта кету керек, «Қайрат» та қос негізгі қақпашысыз қалды — Александр Заруцкий мен Темірлан Анарбеков жарақатына байланысты матчтан тыс қалады. Чемпиондар лигасындағы алғашқы ойында алматылық команданың қақпасын 18 жастағы Шерхан Қалмұрза қорғайды деп күтілуде.



Күн шежіресі