logo

Солтүстік үшін шайқас! «Қызылжар» — «Оқжетпес» матчының тікелей эфирі

Солтүстік үшін шайқас! «Қызылжар» — «Оқжетпес» матчының тікелей эфирі

Қазақстан чемпионатының 23-туры аясында турнирге қатысушы ең солтүстіктегі екі команда — Петропавл қаласынан «Қызылжар» мен Көкшетаудан «Оқжетпес» өзара кездеседі.

Командалар матчқа ұлттық құрамалардың ойындарына байланысты үзілістен кейін келіп отыр. Үзіліске дейін «Қызылжар» қатарынан 7 ойында жеңіске жете алмай, ел Кубогының жартылай финалында «Ордабасыдан» ұтылып қалған болатын.

Ал «Оқжетпес» соңғы екі ойында жеңіліске ұшырады, бірақ бұл жеңілістер турнир кестесінің көшбасшылары — «Қайрат» пен «Ақтөбе» командаларына қарсы болғанын ескерген жөн.

Турнирлік кестеде Қайрат Нұрдәулетовтың шәкірттері 6-орында, ал Миличич Чурчичтің командасы 9-орында келеді.

Айта кетерлігі, соңғы екі матчта «Оқжетпес» «Қызылжарды» жеңген. 2023 жылғы маусымда көкшетаулықтар сырт алаңда 2:1 есебімен жеңіске жетсе, 2025 жылғы маусымның 11-турында өз алаңында 3:2 есебімен басым түскен.

Сондай-ақ бас бапкерлер ретінде Қайрат Нұрдәулетов серб әріптесімен әлі жеңіске жете алмай келеді. Екі матчтың нәтижесі — 1 тең ойын және 1 жеңіс Чурчичтің еншісінде.

«Қызылжар» — «Оқжетпес» матчы 13 қыркүйекте сағат 17:00–де өтеді.

Ойынды тікелей эфирде Sport+ арнасынан, sportplustv.kz сайтынан және sportplus_qaz YouTube арнасынан көруге болады.



Күн шежіресі