Қазақстандық таеквондошылар Германиядағы турнирде бақ сынайды

Қазақстандық таеквондошылар Германиядағы турнирде бақ сынайды

Германияның Гамбург қаласында таеквондодан German Open G1 ашық халықаралық турнирі өтеді, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Аталған бәсекеге Қазақстан құрамасының таеквондошылары да қатысады.

Германияда ел намысын Марғұлан Маратұлы (58 келіге дейін), Батый Абдулхамит (63 келіге дейін), Нодира Ахмедова (54 келіге дейін), Аида Тәукенова (67 келіге дейін) қорғайды.

Айта кетейік, жарыс 19-20 қыркүйек аралығында өтеді.



Күн шежіресі