Қазақстандық бессайысшылар Азия ойындарындағы жарысты бастады
Аичи-Нагоядағы (Жапония) XX жазғы Азия ойындарында қазіргі бессайыстан жарыстар басталды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Алғаш болып әйелдер құрамасы сынға түсіп, семсерлесуден іріктеу кезеңін өткізді.
Қазақстан құрамасы сапында ең жоғары нәтиже көрсеткен Диана Щедрова 32 жекпе-жектің 19-ында жеңіске жетіп, 12-орынға тұрақтады.
Аяна Қазбекова 17 жеңіспен 16-орын алды. Ал Юлиана Петрова 14 жекпе-жекте басым түсіп, 22-орынға орналасты.
Айта кетейік, семсерлесудегі іріктеудің қорытындысы келесі кезеңде спортшылардың жеребедегі орындарын айқындайды.
Қазіргі бессайыстан әйелдер арасындағы жартылай финал 17 қыркүйекте өтеді.