Қазақстан құрамасы қараша айында Еуропалық құрамамен кездеседі

2025 жылдың қараша айында футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Фарер аралдарына қарсы жолдастық матч өткізеді, деп хабарлайды Sport+.
Ойын 2026 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Бельгияға қарсы соңғы матчтан кейін өтеді.
УЕФА ережесіне сәйкес, ұлттық құрама жылына 10 ойын өткізуі тиіс. Оның сегізі — ЧМ-2026 іріктеу аясында, жазда команда Беларусь құрамасымен (1:4) жолдастық матч ойнады, енді Фарер аралдарына қарсы сырт алаңда кездеседі.