Sport+ эфиріндегі қара-сары дерби: «Қайрат» — «Жеңіс» матчының тікелей эфирі

Sport+ эфиріндегі қара-сары дерби: «Қайрат» — «Жеңіс» матчының тікелей эфирі

Қазақстан Премьер-лигасының 21-турынан кейінге шегерілген матчында алматылық «Қайрат» өз алаңында «Жеңісті» қабылдайды.

Елорда командасы бас бапкерін ауыстырып, қатарынан үш жеңіске жеткен еді. Алайда соңғы турда «Ақтөбеге» жолығып, аттас клубтан 0:1 есебімен жеңіліп қалды.

Ал «Қайрат» демалыс күндері «Каспийді» жеңіп, жоғалтқан ұпайлар бойынша турнир кестесінде бірінші орынға шықты. Енді алматылық команда өз алаңында жеңіске жетсе, «Ордабасыдан» озады.

Матч сағат 19:00–де басталады.

Ойынның тікелей трансляциясын Sport+ телеарнасынан, сондай-ақ sportplustv.kz сайтынан көруге болады.



Күн шежіресі