Sport+ арнасы таэквондо бойынша екі ірі турнирді тікелей эфирде көрсетеді
Маусым айының соңында Астанада таэквондо бойынша екі халықаралық турнир өтеді.
22–23 маусым күндері елордада тарихтағы алғашқы Алтай таэквондо одағының чемпионаты — Altaic Taekwondo Championships ұйымдастырылады.
Ал 25–27 маусым аралығында дәстүрлі халықаралық рейтингтік Kazakhstan Open турнирі өтеді.
Екі жарыс та тікелей эфирде Sport+ телеарнасынан көрсетіледі.