Руслана Махатова — дзюдодан Еуропа кубогының жеңімпазы
Испанияның Мостолес қаласында жастар арасында дзюдодан Еуропа кубогы өтіп жатыр, деп хабарлайды Sport+.
Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы бір алтын, екі күміс және бір қола медаль жеңіп алды.
78 келіден жоғары салмақ дәрежесінде Руслана Махатова турнир жеңімпазы атанып, команда қоржынына алтын медаль салды.
Күміс жүлделер Қайыргали Ролланға (66 келіге дейін) және Гүлсезім Турлыбекке (78 келіге дейін) бұйырды.
73 келіге дейінгі салмақта Мұхамедәлі Закиров жарыстың қола жүлдегері атанды.