logo

Румыниялық жартылай қорғаушы «Елімайға» ауысты

Румыниялық жартылай қорғаушы «Елімайға» ауысты

Румыниялық «Ботошани» клубы 27 жастағы жартылай қорғаушы Эдуард Флорескудың семейлік «Елімайға» ауысқанын жариялады, деп хабарлайды Sport+.

Бұған дейін Эдуард Флореску тек Румыния чемпионатында өнер көрсетіп, «Университатя», «Миовени», «Вииторул» және «Арджеш» клубтарында ойнаған.

Жартылай қорғаушы Румыния Суперлигасында 112 матч өткізіп, 16 гол соқты.