Рамазан Оразов «Силькеборг» сапында Швециялық клуб қарсы жолдастық матч өткізді

Даниялық «Силькеборг» Испаниядағы оқу-жаттығу жиыны аясында өткен жолдастық матчта шведтік «Сириус» командасын 1:0 есебімен жеңді, деп хабарлайды Sport+.
«Силькеборг» жартылай қорғаушысы Рамазан Оразов алаңға екінші таймда шықты. Қазақстандық ойыншының командасы 14 ақпанда Дания чемпионатындағы маусымдық ойындарын жалғастырады. Қазіргі таңда клуб турнир кестесінде алтыншы орында тұр.