logo

Василий Березуцкий Стас Покатиловтың алдағы ойынға дайындығын бағалады

Василий Березуцкий Стас Покатиловтың алдағы ойынға дайындығын бағалады

Әзірбайжан Премьер-лигасының 21-туры аясында өткен «Кяпаз» – «Сабах» (3:2) матчы аяқталған соң «Сабах» клубының бас бапкері Василий Березуцкий өз пікірін білдіріп, қазақстандық қақпашы Стас Покатиловтың дайындығына тоқталды, деп хабарлайды Sport+.

– Қысқы үзілістен кейін үш ойында небәрі екі ұпай ғана жинадыңыздар. Алда мықты қарсыластармен кездесулер күтіп тұр…

– Иә, қиындықтарды өзіміз жасап алдық. Алдағы матчтарда әр қарсыласты жеңу үшін бар күшімізді саламыз.

– Жаңа қақпашы Стас Покатилов алдағы ойынға дайын ба?

– Ол жақсы дайындалып жүр. Бұл мәселе бойынша қақпашылар жаттықтырушысының пікірін ескереміз. Кім жақсы формада болса, соған мүмкіндік береміз.

– Чемпионатта көп ұпай жоғалтқан соң, енді еурокубок жолдамасы үшін күресте Кубокқа ерекше назар аударасыздар ма?

– Иә. Кубок – біздің басты мақсатымыз. Біз оны жеңіп алу үшін бар күшімізді саламыз. Бірақ чемпионаттағы ойындарды да назардан тыс қалдырмаймыз.