logo

Әли Әлиев жалақысы жайлы: Қанша сома бекітілсе, соншаға жұмыс істеуге дайынмын

Әли Әлиев жалақысы жайлы: Қанша сома бекітілсе, соншаға жұмыс істеуге дайынмын

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының жаңа бас бапкері Әли Әлиев ұлттық командадағы жалақысы жайлы сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Sport+.

«Мен үшін елді таныстыру – үлкен мәртебе. Жалақыға келсек, бұл туралы Марат Омаровпен талқылаған жоқпыз. Қанша сома бекітілсе, соншаға жұмыс істеймін. Егер ешқандай сома белгіленбесе – еш мәселе жоқ. Сенің артыңда 20 миллион халық тұрған кезде, ақша туралы сөз қозғаудың өзі орынсыз. Черчесовтың жалақысы қанша болғаны – менің құзырыма кірмейді, ондай мәселелерге араласпаймын. Бұл мені қызықтырмайды», – деді Әлиев.

Еске салайық, Әли Әлиев Қазақстан құрамасының бас бапкері болып тағайындалды. Ол бұл қызметте ресейлік маман Станислав Черчесовтың орнын алмастырды.



Күн шежіресі