Грек-рим күресінің шебері Юсуф Ашрапов U23 әлем чемпионатында топ жарды

Грек-рим күресінің шебері Юсуф Ашрапов U23 әлем чемпионатында топ жарды

Қазақстан құрамасы грек-рим күресінен АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі балуандар арасындағы әлем чемпионатында екінші алтын медалін жеңіп алды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

72 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен Юсуф Ашрапов жеңіс тұғырына көтерілді. Финалда отандасымыз армениялық Гаспар Тертерянды жеңіп, әлем чемпионы атанды.

Еске салайық, бұған дейін 60 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Айбек Айтбеков те әлем чемпионы атанған болатын. Ол шешуші белдесуде әзірбайжандық Эльмир Алиевтен басым түсті.