logo

Резников пен Бақытжанұлы АСА 188 турниріндегі жекпе-жекке дейін салмақ өлшеу рәсімінен сәтті өтті

Резников пен Бақытжанұлы АСА 188 турниріндегі жекпе-жекке дейін салмақ өлшеу рәсімінен сәтті өтті

28 маусым күні Сочиде ACA 188 турнирі өтеді, онда қазақстандық ММА спортшылары қатысатын екі жекпе-жек жоспарланған, деп хабарлайды Sport+.

Кештің қосалқы басты жекпе-жегінде қазақстандық Асылжан Бақытжанұлы армениялық Григор Матевосянмен кездеседі. Салмық өлшеу кезінде Матевосян 93,9 келі көрсетті — бұл Бақытжанұлынан (93,55) шамамен жарты келіге артық болғанымен, екеуі де салмақ категориясының лимитіне сыйды.

Ал Артем Резников салмақ өлшеу рәсімінде 71,25 келі көрсетті. Оның қарсыласы Дауд Шайхаев белгіленген шектен асып, 72,2 келі тартты. Ереже бойынша, ол енді Артемге қаламақысынан айыппұл төлейді.

Турнирдің тікелей көрсетілімі 28 маусым күні Sport+ телеарнасында болады.



Күн шежіресі