Қуат Хамитов ACA ұйымымен келісімшартқа отырды

14 қыркүйекте Алматыда өтетін ACA 192 турнирінде Қуат Хамитов (26-8-2) лигадағы алғашқы жекпе-жегін өткізеді. Оның қарсыласы Анатолий Бойко (12-4) атанады, деп хабарлайды Sport+ лигаға сілтеме жасап.
37 жастағы Хамитов ММА-дегі соңғы жекпе-жегін 2024 жылдың мамыр айында орта салмақта Bellator-дың бұрынғы чемпионы Александр Шлеменкомен өткізіп, жеңіліп қалған. Кейін ол Нұрберген Шәріповпен бокс бойынша жекпе-жек өткізіп, алты раундтан кейін төрешілер шешімімен жеңіске жетті.
ACA 192 турнирінің басты жекпе-жегі — жартылай ауыр салмақтағы Асылжан Бақытжанұлы мен Евгений Ерохин арасындағы кездесу болады. Турнир «Алматы Аренада» өтеді.