logo

Жалғас Жұмағұлов: Жұман Жұмабеков – октагонның ішінде елді танытқан спортшылардың бірі

Жалғас Жұмағұлов: Жұман  Жұмабеков – октагонның ішінде елді танытқан спортшылардың бірі

OKTAGON лигасының чемпионы Жалғас Жұмағұлов Sport+ арнасына берген сұхбатында Алматыда өтетін NAIZA турниріндегі Жұман Жұмабеков пен Бруно Роверсо арасындағы алдағы жекпе-жек туралы пікір білдірді:

«Жұман — еліміздегі спорттың бастауында тұрған, октагонда елді танытқан спортшылардың бірі. Біз онымен талай мәрте бірге сапарға шығып, әуесқойлар арасында жұдырықтастық. Ол, сөзсіз, Қазақстандағы ММА-ның дамуына үлес қосты. Жекпе-жекке келсек, оған сәттілік тілеймін, мүмкіндігінше аз соққы өткізіп, жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтасын».

23 тамыздағы бүкіл ивентті тікелей эфирде Sport+ арнасынан көруге болады.