logo

Қос жаралы жыртқыш. «Елімай» – «Қайрат» матчының тікелей эфирі

Қос жаралы жыртқыш. «Елімай» – «Қайрат» матчының тікелей эфирі

Қазақстан чемпионатының 9-турындағы басты матчта «Елімай» мен «Қайрат» командалары кездеседі. Екі команда да бұл ойынға жеңілістен кейін келіп отыр.

Андрей Карповичтің шәкірттері қатарынан үш матчта жеңіліп, қиын кезеңді бастан өткеруде — олар чемпионатта «Оқжетпес» пен «Ақтөбеге», ал Кубокта «Қызылжарға» есе жіберді.

Ал «Қайрат» Қазақстан кубогында «Ордабасыдан» жеңіліп, осыдан кейін бас бапкер Рафаэль Уразбахтин өз ойыншыларын қатты сынға алды.

Өткен маусымда «Қайрат» Алматыда 4:1 есебімен айқын жеңіске жетсе, Семейдегі кездесу 1:1 есебімен тең аяқталған еді.

Командалардың жаңа кездесуі 18 мамыр күні сағат 20:00–де өтеді.

Ойынды тікелей эфирде Sport+ телеарнасынан, sportplustv.kz сайтынан, сондай-ақ YouTube-тегі sportplus_qaz арнасынан көруге болады.