logo

«Ақтөбе» турнир кестесінде көш бастады

«Ақтөбе» турнир кестесінде көш бастады

«Ақтөбе» сырт алаңда «Оқжетпес» командасын жеңіп, Қазақстан чемпионатының турнирлік кестесінде бірінші орынға көтерілді, деп хабарлайды Sport+.

Ойынның есебі — 3:1. «Ақтөбе» сапында Жайро Жан дубль авторы атанса, тағы бір голды Оралхан Өміртаев соқты. Ал «Оқжетпестің» жалғыз голын Тимур Досмағамбетов енгізді.

Ойын күнінің екінші матчында «Атырау» мен «Жетісу» тең ойнады — 1:1.

«Ақтөбе» турнир кестесінде кем дегенде ертеңге дейін көш бастап тұрады. Ертең оларды бірінші орыннан ығыстыруы мүмкін команда — «Қайрат», ол сырт алаңда «Елімайға» қарсы ойнайды.

Бұл матчты тікелей эфирде Sport+ телеарнасы көрсетеді.