logo

«Астана» ФК жаңа трансферлері туралы ақпарат белгілі болды

«Астана» ФК жаңа трансферлері туралы ақпарат белгілі болды

«Астана» футбол клубының бас директоры Қайсар Бекенов Sport+ телеарнасындағы Pluste Bol бағдарламасында команданың құрамын күшейту жоспарлары туралы айтты.

«Құрамды күшейту жоспары бар, бірақ бәрі клубтың қаржылық жағдайына байланысты болады. Қазіргі уақытта жаңа футболшыларды бақылап отырмыз, кейбіреулері туралы нақты ақпарат жинап жатырмыз. Кейбір ойыншылардың келісімшарттарының аяқталғанын білеміз, алайда олардың өздері қандай шешім қабылдайтыны белгісіз. Жаңа ойыншылар қосылады немесе командадан біреулер кетуі мүмкін деп нақты ештеңе айта алмаймын, себебі трансферлік терезе әлі ашылған жоқ», — деді Қайсар Бекенов.

Pluste Bol бағдарламасының толық шығарылымын төмендегі плеер арқылы көре аласыздар.