ПСВ Эредивизиде мәреге бір тур қалғанда «Аяксты» басып озды (видео)

Нидерландыда Эредивизидің соңғыдан бір тур бұрынғы кезеңі өтті. Бұл тур футбол жанкүйерлеріне турнир кестесінің жаңа көшбасшысын сыйлады, деп хабарлайды Sport+.
Чемпиондыққа ұмтылған «Аякс» күтпеген жерден ұпай жоғалтты — сырт алаңда «Гронингенмен» болған ойында 2:2 есебімен тең түсті. Амстердамдықтар ысқырыққа дейінгі қосымша уақыттың 9-минутында гол жіберіп алды.
ПСВ өз мүмкіндігін толық пайдаланды – «Хераклеспен» өткен ойында 4:1 есебімен жеңіске жетті. Малик Тилман мен Исмаэль Сайбари дубль авторлары атанды.
Бұл жеңістің арқасында қазіргі чемпион турнир кестесінде бірінші орынға көтерілді, басты қарсыласынан 1 ұпайға озып тұр. Алда соңғы тур.