«Жеңіс» футбол клубында өзгерістер орын алды

Футбол клубы «Жеңіс» бас бапкері Акис Вавалиспен келісімшарттың бұзылғанын хабарлады, деп жазады Sport+.
Келісімшарт бас бапкердің бастамасымен, отбасылық жағдайларға байланысты және еліне оралу қажеттілігіне орай тоқтатылды.
Өткен жылы Вавалис команда тізгінін ұстап, оны Лига Кубогының финалына шығарды және Премьер-Лигадағы орнын сақтап қалды.