Зайнутдинов пен Айымбетов командаларының дуэлі. «Бешікташ» — «Адана Демирспор» матчын қайдан көруге болады?

11 мамырда Түркия Суперлигасының 35-тур аясында «Бешікташ» пен «Адана Демирспор» командалары арасында матч өтеді.
Алаң иелерінің Еуропа Лигасы аймағына көтерілуге тамаша мүмкіндігі бар және олар чемпионаттың ең әлсіз командасына қарсы кездесуде бұл мүмкіндікті пайдалануы әбден мүмкін.
Айта кетейік, бұл матч Қазақстан құрамасының қос ойыншысы — Бақтиер Зайнутдинов пен Абат Айымбетов өкілдік ететін командалардың текетіресімен ерекшеленеді. Алайда, қос қазақстандық бұл ойында алаңға шықпайды. Бақтиер жарақатынан кейін оңалып жатыр, ал Абат тұрақты ойын уақытын алмай жүргендіктен, оның матчқа қатысуы белгісіз.
«Бешікташ» пен «Адана Демирспор» арасындағы матчтың тікелей трансляциясы Sport+ телеарнасында және sportplustv.kz сайтында Астана уақытымен сағат 21:00–де қолжетімді болады.