Қазбек Сағын Заманбеков – Саясатов реваншы туралы: Болат қателіктерімен жұмыс істейтініне сенімдімін
NAIZA лигасының бұрынғы чемпионы Қазбек Сағын Sport+ сайтына Алматыда қыркүйек айында өтетін лиганың кезекті турнирінде Болат Заманбеков пен Еламан Саясатов арасында өтетін жекпе-жекке болжамын айтты:
«Бір сөзбен айтқанда, қызықты жекпе-жек болады. Болат бірінші жекпе-жекте жіберген қателіктерімен жұмыс істеп, жекпе-жекке жақсырақ дайындалады. Еламан жаттығу кезінде көбіне толық дайын емес сияқты әсер қалдырады. Бірақ торға шыққан кезде өзгереді, өзін мүлде басқаша көрсетеді. Әрине, мен Бұлатқа жанкүйерлік етемін, бірақ мүмкіндіктері 50-ге 50. Болат қателіктерімен жұмыс істеп, соңғы раундтарға күшін сақтауға тырысады деп ойлаймын. Себебі бірінші жекпе-жекте ол алғашқы раундтарда бар күшін жұмсап қойды. Сондықтан бұл жолы жекпе-жекті басқаша өткізеді деп ойлаймын».
Заманбеков пен Саясатов арасындағы алғашқы жекпе-жек Еламанның тіземен тыйым салынған соққы жасағаны үшін дисквалификациялануынан кейін Болаттың жеңісімен аяқталған болатын.