Фаниль Рафиков Жақсығұлұлы – Садықов жекпе-жегі туралы: Мири ауыр соққы жасайды, бірақ Джакс функционалдық тұрғыда жақсы дайындалған

Фаниль Рафиков Жақсығұлұлы – Садықов жекпе-жегі туралы: Мири ауыр соққы жасайды, бірақ Джакс функционалдық тұрғыда жақсы дайындалған

NAIZA лигасының экс-чемпионы Фаниль Рафиков Sport+ сайтына берген сұхбатында чемпион Жансерік Жақсығұлұлы мен оның қарсыласы Мири Садықов арасындағы жекпе-жекке қатысты өз пікірін білдірді:

«Мен үшін бұл қарсыластықта нақты фаворит жоқ. Мири сөзсіз ауыр соққы жасайды, алайда төзімділігіне қатысты аздаған мәселелер бар, мұны соңғы жекпе-жектерінен байқауға болады. Джакста нокауттық соққы күші болмауы мүмкін, бірақ ол функционалдық тұрғыда өте жақсы дайындалған және әрдайым бірінші нөмірмен жұмыс істейді. Жекпе-жекте өз жоспарын таңып, қиын сәтте дер кезінде ауыр соққы жасай алған спортшы жеңіске жетеді. Қазір Джакстың салмағы 85 келі, тағы 15 келі салмақ қуу да оңай емес. Сондықтан не болатынын көре жатармыз. Қалай болғанда да, Джаксқа жанкүйер боламыз», — деді Рафиков.

Жекпе-жек қыркүйек айында Алматыда өтетін NAIZA турнирінде болады.



Күн шежіресі