Қазақстандықтар WTT Youth Contender Almaty 2026 турнирінде үш медаль жеңіп алды

Қазақстандықтар WTT Youth Contender Almaty 2026 турнирінде үш медаль жеңіп алды

Алматыда өтіп жатқан WTT Youth Contender Almaty 2026 халықаралық турнирінің екінші жарыс күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының қоржынында үш медаль бар, деп хабарлайды Sport+.

Дулат Ералхан 13 жасқа дейінгі ұлдар арасындағы жекелей сында күміс жүлдегер атанды.

Ал Олег Яковлев пен Мария Лукьянова 15 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы аралас жұптық сында қола медаль жеңіп алды.

Сонымен қатар, Олег Яковлев 13 жасқа дейінгі ұлдар арасындағы жекелей сында да қола жүлдеге ие болды.



Күн шежіресі