Қазақстан құрамасы Ташкенттегі WTT Youth Contender турнирінде жеті медаль жеңіп алды
Ташкентте (Өзбекстан) үстел теннисінен WTT Youth Contender Tashkent II халықаралық турнирі аяқталды. Дүбірлі додаға 22 елдің спортшылары қатысты, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазақстандық спортшылар түрлі жас санаттарында жеті медаль жеңіп алды.
Алтын жүлдені Алан Құрманғалиев (U19) пен Жәния Бекмұхамбетова (U13) иеленді.
Назерке Болатбек (U11) күміс жүлдегер атанды.
Ал Дағир Данияров, Нұржан Бақдәулет, Медина Амандық және Нұрай Жанаева U11 жас санатында қола жүлдеге қол жеткізді.