Алматыда әлемнің болашақ үстел теннисі жұлдыздары бас қосады. WTT Youth Contender Almaty 2026 турнирінің тікелей эфирі
24–27 шілде аралығында Алматыда WTT Youth Contender Almaty 2026 халықаралық жасөспірімдер арасындағы үстел теннисі турнирі өтеді.
Әлемнің әр түкпірінен келген ең мықты спортшылар жүлделер мен халықаралық рейтингтік ұпайлар үшін бақ сынайды.
Қазірдің өзінде Алматыдағы жарыстың басты фавориттерінің қатарын атап өтуге болады:
Ли Сынсу — WTT Youth әлемдік рейтингінің № 7 ойыншысы. Оңтүстік Корея үстел теннисі мектебінің көшбасшыларының бірі әрі турнирдің басты фавориттерінің қатарында.
Алан Құрманғалиев — WTT Youth әлемдік рейтингінің № 13 ойыншысы. Жастар арасындағы әлем чемпионы (аралас жұптық сында), жастар арасындағы Азия чемпионатының қола жүлдегері және ұлттық құрама сапында Ислам ойындарының чемпионы.
Приянудж Бхаттачария — WTT Youth әлемдік рейтингінің № 39 ойыншысы. WTT Youth халықаралық турнирлерінің жеңімпазы және жүлдегері, Үндістанның ең үздік жас ойыншыларының бірі.
Мику Мацусима — WTT Youth әлемдік рейтингінің № 3 ойыншысы. Әлемдегі ең мықты жас спортшылардың бірі әрі турнирдің алтын жүлдесіне басты үміткерлердің қатарында.
Кокона Мурамацу — WTT Youth әлемдік рейтингінің № 28 ойыншысы. Жапонияның атақты үстел теннисі мектебінің өкілі, WTT халықаралық турнирлерінің тұрақты қатысушысы.
Ким Минсо — WTT Youth әлемдік рейтингінің № 33 ойыншысы. Корея Республикасының болашағынан зор үміт күттіретін спортшысы, халықаралық ірі жарыстарда тұрақты өнер көрсетіп келеді.
24 шілдеде өтетін жарыстың алғашқы күні U13 және U17 жас санаттарындағы топтық кезең кездесулері, сондай-ақ плей-оффтың алғашқы матчтары ұйымдастырылады.
Жарыстың басталу уақыты — 09:00.
Тікелей эфирді Sportplustv.kz сайтынан және sportplus_qaz YouTube арнасынан көруге болады.