Қазақстандық жүзгіштер 2026 жылғы Азия ойындарын бастады
Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында жүзу сайыстары басталды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
200 метрге кешенді жүзуде қазақстандық Айбат Мырзамұратов алдын ала кезеңде бақ сынады.
Отандасымыз өз тобында 2:01.43 уақыт нәтижесін тіркеп, жетінші орынмен ақтық сынға жолдама алды.
Айта кетейік, финал бүгін, 20 қыркүйекте өтеді. Ол Астана уақытымен 13:00–де басталады.