logo

Қазақстандық хоккейшілер жастар арасындағы әлем чемпионатында Францияны ірі есеппен жеңді

Қазақстандық хоккейшілер жастар арасындағы әлем чемпионатында Францияны ірі есеппен жеңді

Шайбалы хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы Словенияда өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында ірі есеппен жеңіске жетті, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Үшінші ойында ұлттық құрама Франциямен кездесті. Бірінші кезеңде франциялықтар 2:0 есебімен алға шықты. Дегенмен отандастарымыз бір гол соғып, есепті қысқартты.

Екінші кезеңде жалпы бес шайба соғылды. Оның төртеуі біздің спортшылардың еншісіне жазылды. Соңғы кезеңде Қазақстан құрамасы тоғыз гол енгізсе, франциялық хоккейшілер үш шайбамен жауап қайтарды.

Ойын 14:6 есебімен Қазақстан құрамасының пайдасына аяқталды. Келесі матчта ұлттық құрама Норвегиямен ойнайды.



Күн шежіресі